Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Кения мен Танзания жол сапасы бойынша Қазақстаннан қалай асып түсті? Министрлік пікір білдірді 28 наурыз 2023, 14:24

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ)
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Қазақстандағы жолдардың сапасы Кения мен Танзанияға қарағанда нашар деген рейтингімен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша, Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде Кения мен Танзания сияқты елдерге жол беріп, 93-орынға шықты. Неге қазақстандық жолдар Африкадан да нашар болып шықты", - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Беков ДЭФ рейтингінде Қазақстан 93 емес, 63-орында тұрғанын, рейтингтің өзі сауалнамалар арқылы жасалғанын айтты.

"Елді мекендердің барлық тұрғынымен сауалнама жүргізіліп, жолдардың сапасы осыдан қалыптасады. Яғни, біреу бір көшенің жай-күйіне көңілі толмаса, ол жалпы жолдар туралы айтады. Сондықтан, бұл сауалнама әдісімен жүзеге асырылады және ол іс жүзінде жарамсыз деп айтуға болады", - деді Беков.

Беков Қазақстандағы жолдар Африкадағыдан кем емес деп сендірді.

"Біз Кениядан және мүлдем жол жоқ басқа елдерден артта қала алмаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram