12 маусым 2020 19:22

"Кептірілген марихуана" сақтаған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құқық бұзушы аса ірі көлемде, яғни жалпы салмағы 17 келіден аса "кептірілген марихуана" есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін күдікті", - дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Тергеу соты оған қатысты "қамауға алу" шарасын санкциялаған. Тергеу жалғасып жатыр.

"Көлік полицейлері жыл басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 197 қылмыстық құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде 17-сі өткізу, 10-ы сақтау және төртеуі есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу дерегі. Заңсыз айналымнан 59 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді", - деді полицей.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети