Кейбір жүргізушілерден айыппұлды жеңілдікпен төлеу алып тасталуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Сенат депутаты Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновке жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларға жазаны қатаңдату бастамасымен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновке жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларға жазаны қатаңдату бастамасымен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаты Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновке жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза қолдану тәсілдерін қайта қарау ұсынысымен жүгінді. Бұл бастаманың себебі – Алматыда ЖҚЕ бұзушылардың көбеюі және өрескел ереже бұзушыларға ықпал ететін тиімді шаралардың болмауы.

Біріңғай әкімшілік құқықбұзушылықтар реестрінің мәліметінше, тек 2024 жылы Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4,2 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Оның 3,7 миллионнан астамы автоматты тіркеу құралдарының көмегімен анықталған. Алайда, Қожаевтың айтуынша, қолданыстағы жаза жүйесі қайталанатын бұзушылықтардың алдын алуда тиімді емес.

"Айыппұлдар көлік құралының иесіне тағайындалады, алайда жүргізушінің бұған дейінгі құқықбұзушылықтары есепке алынбайды. Бұл өрескел ереже бұзушыларға жылдар бойы жазадан қорықпай, жол қозғалысы ережелерін елемеуге мүмкіндік береді", – деді депутат.

Қожаев мысал ретінде Алматыда бір жүргізушінің бір жыл ішінде 143 рет ереже бұзып, 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлегенін келтірді. Алайда 50 пайыздық жеңілдікпен бұл жүргізушілер айыппұлдарын төлеп, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұза беретінін айтты.

Депутаттың айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдар құқықбұзушылықтарды анықтауда тиімді болғанымен, жүргізушінің дайындығы мен жолдағы қауіпті мінез-құлқын бағалай алмайды. Бұл жол-көлік оқиғаларының көбеюіне, кейде қайғылы жағдайларға әкеліп соғады.

"Көріп отырғанымыздай, жүйелі ереже бұзушылар үшін қазіргі айыппұлдар тиімді шара емес. Сондықтан жазалау тәсілдерін қайта қарау қажет", – деді Қожаев.

Өз өтінішінде депутат халықаралық тәжірибені қолдануды ұсынды. Мысалы, Германияда айыппұлдық ұпай жүйесі бар, Францияда қайталанатын құқықбұзушылықтар жүргізуші куәлігін уақытша тоқтатуға әкелуі мүмкін. Ал Сингапурде өрескел ереже бұзушыларды жол қозғалысы ережелері бойынша қайта оқытуға міндеттейді, тіпті кей жағдайларда автокөліктерін тәркілеуі мүмкін.

Осыған байланысты Қожаев келесі шараларды ұсынды:

  • Жол қозғалысы ережелерін 10 және одан көп рет бұзған жүргізушілерге теориялық емтиханды қайта тапсыруды міндеттеу;
  • Қайталанатын құқықбұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату, жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру;
  • Жүргізушінің заңбұзушылық санына байланысты айыппұл жүйесін дифференциялау;
  • Өрескел құқықбұзушыларға 50 пайыздық айыппұл жеңілдігін алып тастау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer