30 тамыз 2022 10:52

Кейінгі өзгеріс қазақ үшін, халық үшін маңызды - саясаттанушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

facebook.com/talgat.kaliyev facebook.com/talgat.kaliyev

Конституция - мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізгі принциптерін орнықтырып, азаматтың конституциялық мәртебесін белгілеп, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Осыдан 27 жыл бұрын қабылданған Конституциямызға биыл тағы өзгеріс енгізілді Tengrinews.kz тілшісі "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директоры Талғат Қалиевпен Конституцияға енгізілген өзгерістер мен түзетулер жайында сұхбаттасты. 


Конституция - мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізгі принциптерін орнықтырып, азаматтың конституциялық мәртебесін белгілеп, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Осыдан 27 жыл бұрын қабылданған Конституциямызға биыл тағы өзгеріс енгізілді Tengrinews.kz тілшісі "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директоры Талғат Қалиевпен Конституцияға енгізілген өзгерістер мен түзетулер жайында сұхбаттасты. 

TN: Биыл Конституциямызға 6-рет түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Олардың ішіндегі қайсы нақты өзгеріс әкеледі деп ойлайсыз?

Талғат Бегімұлы: Биыл Конституциямызға өзгертулер мен түзетулер енгіздік. Әрине, бұрын енгізілген 5 өзгертуден айырмашылығы бар. Олар Президенттің билігін күшейтуге негізделсе, ал биылғы түзетулер бойынша Президент билігінің мүмкіндігі қысқарып, яғни Мәжілісте, мәслихатта, әкімдікте өкілеттігі қысқарды десе болады. Президент өзінің билігін шектеу деген құбылыс тарихта жиі болмайды. Қазір көрші елдерде де заңға өзгертулер енгізіліп жатыр. Оларда керісінше, Президент билігі күшейтіліп жатыр. Сондықтан кейінгі өзгеріс қазақ үшін, халық үшін маңызды. 

TN: Кейінгі өзгерістер мен түзетулердің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

Талғат Бегімұлы: Басты артықшылығы - Президент билігі. Кемшіліктері, былай қарағанда, жоқ. Өйткені Парламенттің билігін күшейту - өте жақсы бастама. Парламент - республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы. Қазір депутаттар тек партия арқылы сайланбайды, оның үстіне, өздерін ұсына алады. Бұл жергілікті саясатты дамытады. Себебі мұндай депутаттар халықпен санаса отырып, өз мүмкіндіктерін көрсету керек. 

TN: Өзгерістерді жасау барысында түрлі саяси институттар, азаматтық қоғам мен эксперттерге сүйенді деп ойлайсыз ба?

Талғат Бегімұлы: Барынша қамтылды. Әлеуметтік желіде де, халық арасында да талқыланды. Әсіресе, Елбасының мәртебесі туралы өзгерісті көпшілік қызу талқылады. Сондықтан сүйенбеді деп айта алмаймыз. 

TN: Ата Заңға түзетулер мен өзгерістер енгізу қаншалықты өзекті?

Талғат Бегімұлы: Біз жас мемлекетпіз ғой, дамып келе жатырмыз. Қазір түрлі сыртқы факторлар болып жатыр, бір жерде соғыс, екінші жерде экономикалық өзгеріс. Уақыт та тоқтап тұрған жоқ. Заман өзгерген сайын қоғам да, заң да заман талабына сай өзгеру керек. Мұндай өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ. Қазір барлығы қарқынды  дамып келе жатыр. Адам саны өсіп, демографиялық, этномәдени өзгерістер болып жатыр. Ал заң қоғамдағы басты қалыптастырушы құжат болған соң, мұндай факторларға назар аударып, өзгерістер енгізілуі дұрыс. 

TN: Сіз суперпрезиденттік билік жүйесі мен Елбасының мәртебесіне тоқталып кеттіңіз. Сондай елеулі өзгерістердің бірі - Конституциялық сот. Жаңа түзетуге байланысты Конституциялық кеңестің орнын Конституциялық сот алмастырды. Мұны жағымды өзгерістер қатарына қосасыз ба?

Талғат Бегімұлы: Әрине, Конституциялық сот - демократияның негізгі институты. Әр азамат өзінің құқығына нұқсан келтірілген жағдайда, сотқа барып арыз жаза алады. Мысалы, осындай заң менің Конституциялық құқығымды шектеп жатыр немесе министрдің Конституцияға қайшы келетін әрекетін көрсе, Конституциялық сот арқылы Үкімет билігіне арыз жаза алады. 

TN: Жаңа Конституция 1995 жылы қабылданды, содан бері оған алты рет түзету енгізілді. 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. Түзетулердің көп болуы қалай әсер етеді?

Талғат Бегімұлы: Бұрынғы бес өзгеріс жиі-жиі болса да, Президент билігін күшейтуге бағытталған еді. Ал кейінгі өзгеріс 1995 жылғы заңды қайта қалпына келтіріп қана қоймай, одан әрі жақсарта түсті. Мысалы, Президенттің жақын туыстары қазір билікте не ұлттық компанияларда қызмет атқара алмайды. Бұл - ауқымды шешім. Бұл нақты Президент билігіне шектеу болмаса да, басқа да әкімдерге үлгі болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети