07 наурыз 2019 16:06

"Қиын болса да жымию керек". Назарбаев қазақстандық ерлік жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев түрлі қиындықтардан өтуге мәжбүр болған жалпықазақстандық ерлік жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Нұрсұлтан Назарбаев түрлі қиындықтардан өтуге мәжбүр болған жалпықазақстандық ерлік жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өмірде қандай жағдай болса да жымию керек. Ауыр болса да. (...) Тәуелсіздік алған жылдардан бері мен қазақстандық халықпен күн демей, түн демей еңбек етіп, тарихымыздың қауіпті белестерінен өттік. (...) Өткенге қарап, кейде ойлаймын, осының барлығын көтеруге Жаратқан маған қалай қуат берді екен?", - деді Президент "Көктем шуағы" әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде. 

Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қазақстандықтардың жалақысыз, зейнетақысыз, отынсыз, дүкендерде нансыз және киімсіз қалғанын айтты.

"Біздің жалпықазақстандық ерлігіміз - тарихта тұңғыш рет біз өз таңдауымыз бойынша өз астанамызды салдық. Бұл далада, мүмкін, кейде біреуге ыңғайсыз, суық болып көрінеді, бірақ енді біз оған үйрендік, өйткені бұл біздің Отанымыздың орталығы", - деп мәлімдеді Президент.

Сонымен қатар, ол күрделі кезеңнің келе жатқанын ескертті.

"Бұл тек бізге ғана емес, бүкіл әлемге де қатысты. Біз әлемнің 100-ге жуық елдерімен сауда жасаймыз, егер бұл елдерде нашар болса, бұл бізге де бірден әсер етеді. Менің бұлай айтуымның себебі, импортталатын тауарлар жалпы бағаны арттырады, Қазақстанда инфляцияны арттырады. Барлығы қымбаттап жатыр. Біз жалақыны көбейтеміз, ал тауар бағасы көтеріледі. Ақша қайда кетеді? Сондықтан өз тамағымыз, өз тауарларымыз - бұл біз үшін өте маңызды", - деді Президент.

Президент магистрал жолдардың маңызын атап өтті.

"Өңірлерді біріктіру керек, осымен айналысамыз, содан кейін ары қарай дамытамыз. Қалалар, аудандар, ауылдар. Әрине, барлығы бірден бола салмайды. Қанша жұмыс істесең де, алда тағы сонша міндеттер туындайды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети