20 қараша 2019 | 18:09

"Кімнің қолдау көрсетіп жатқанын халық біледі". Депутаттар есірткі саудасымен айналысатындарға көмектесетін полицейлерді ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Депутаттар ғимараттарда және қоршауларда есірткі жарнамалайтын және насихаттағандарға жазаны күшейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутаттар ғимараттарда және қоршауларда есірткі жарнамалайтын және насихаттағандарға жазаны күшейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Марат Мұратұлы (Ахметжанов - бас прокурордың орынбасары), елімізде есірткі заттарын жарнамалап, насихаттаумен айналысатындар көп. Қолданыстағы заңнаманы қарау барысында әріптестеріміз осы санаттағы қылмыскерлердің жазасына қатысты өзгертулер енгізуді ұсынды. Біздің ойымызша, заңсыз жарнама мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу - өзекті әрі маңызды мәселе", - деді Мұрат Теміржанов бас прокурордың орынбасарына.

Палата спикері Нұрлан Нығматулин өз кезегінде Қылмыстық кодексте есірткі тауарларын заңсыз жарнамалап, насихаттағандарды бөлек жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Сондай-ақ, Мәжіліс спикері есірткі саудасымен айналысқандарды қолдайтын полицейлерді жазалауды ұсынды.

"Полицей ескірті қылмысымен күресудің орнына, керісінше қылмысқа қатысы бары анықталса, ол жазалануы керек. Ішкі істер органдарынан қуылып қана емес, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы қажет. Кімнің қолдау көрсетіп жатқанын халық біледі. (...), - деді Нұрлан Нығматулин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети