Физика пәнінің мұғалімінің өзінің кінәсін мойындауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Физика пәнінің мұғалімінің өзінің кінәсін мойындауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бостандыққа шыққан ер адамның айтуынша, бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы кінәні мойындау болды. Мұндай ұсынысты оның адвокаты айтқан екен. Бастапқыда сотталушы айтылған ұсыныспен келіспеген. Бірақ кейіннен ол кінәсін мойындады.
"Көпшіліктің менің неліктен осылай істегенімді түсінбеген болар, бірақ менде қиын таңдау болды. Қызымның мектеп бітіруін 11 жыл күттім. Сол кешті мен өткізіп алмау керек болдым", - деді Юрий Пак.
Мұғалімнің айтуынша, түрмедегі соңғы күндер ол үшін ерекше ауыр болды.
Бірақ қиындықтарға қарамастан ер адам өзінің принциптерін өзгертпейтінін айтады. Сондай-ақ, ер адам қолдау көрскеткен барлық қазақстандыққа алғыс білдірді.
"Сіздер сенбейтін шығарсыздар, бірақ сөмкемде мен танымайтын адамдар келген хаттар өте көп. Барлығы қолдау көрсетіп жаттым. Барлығына рақмет! Бұл мен үшін өте маңызды", - деді Пак.
Сонымен қатар, бостандыққа шыққан ер адамның адвокаты заң бойынша мұғалімге мектептегі жұмысын жалғастыруға ештеңенің кедергі келтірмейтінін айтып өтті.
Айта кетейік, бүгін теракт жайлы жалған хабар берді деп сотталған қарағандылық мұғалім бостандыққа шығып отыр. Ер адамды жақындары, туыстары және мұғалімдер АК - 159/18 колониясының алдында күтіп алды. Қарағандылық мұғалім теракт жайлы жалған хабар бергені үшін сотталған болатын. Сот процесін бүкіл Қазақстан бақылаған еді.
Еске салайық, 2016 жылдың 3 қазанында Юрий Пак 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың сәуір айында педагог жұмыс орнында отырып, 102 пультіне қоңырау шалып, орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабар берген. Бұл ақпарат расталмады. Мұғалімге шығарылған үкім әлеуметтік желіде көп талқыланды. Көпшілік сот үкімінің әділетсіз екенін және сотталушының айыбы жоғы туралы жазды. Кейінірек прокурорлар және Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы сот шешіміне қатысты пікірлерін білдірді.
"Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар беру" бойынша сотталған қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың апелляциялық шағымын да сот алқасы өзгеріссіз қалдырған болатын.
Мұғалімнің басында болған оқиға туралы Сенат депутаты Дариға Назарбаева Бас прокуратурадан білгісі келді. "Мен Бас прокуратураға хат жолдап, іс материалын тағы бір жіті қарап шығуын сұрадым", - деген болатын Дариға Назарбаева, сонымен қоса ол сот жүйесінің істеріне парламентарилер де араласа алмайтынын айта кеткен.