23 шілде 2020 17:03

Көбейтұзға көлікпен кірген жүргізуші қазақстандықтардан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Ереже бұзған азамат Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқанын атап өтті. Жолшыбай бәріне танымал болған Көбейтұзға соғуды ұйғарған.

"Әрине, менің әрекетім дұрыс болған. Кешірім сұраймын. Мен жаяу да жүре алатын едім, кәрі емеспін, бірақ солай болып қалды. Кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде қатты шу шықты. Шынымды айтсам, мен 40 жастамын, өзім де мұндайды істеймін деп ойламадым", - деді жүргізуші.

"Көбейтұз, итбалық, лотосты жұлу". Министр экологиялық проблеманы шешу жолын ұсынды

Еске салайық, Ақмола облысындағы Көбейтұз көлі елорда мен облыс тұрғындары үшін ерекше орынға айналды. Олар әдемі көлде суретке түсіп, фотосын әлеуметтік желіге жарыса салды. Тұрғындар арасында көлден тұз тасып, сатқандар да кездесті. Полиция оларды анықтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети