19 қаңтар 2018 19:24

Қоғамдық көлікте жүру ақысы 150 теңге және кондуктор керек пе? - "Сізден пікір"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Tengrinews.kz сайтында әр аптада ең көп талқыланған өзекті жаңалықтар туралы халықтың пікірін сұрап-білеміз. 


Tengrinews.kz сайтында әр аптада ең көп талқыланған өзекті жаңалықтар туралы халықтың пікірін сұрап-білеміз. 

Осы аптада Алматы тасымалдаушылары автобустар мен троллейбустарда жол ақысын 150 теңгеге қымбаттатуды сұрады. Сонымен қатар Алматыдағы заңсыз кондукторлар мәселесі үкіметте талқыланды. Осыған орай  жолаушылардың пікірін сұрап-білуді жөн көрдік. 

Бағдарламаның осы аптадағы сұрақтары: Сіз "Оңай" картасымен 150 теңге төлеуге дайынсыз ба? Кондукторлар қаншалықты қажет? 

Алматыда қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдаушы компаниялар әкімдіктен автобус парктерінің шығынын толық өтеу үшін субсидиялау немесе автобустар мен троллейбустарда жүру ақысын 150 теңгеге көтеруді өтінді. 

Соынмен қатар, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Алматы автобустарындағы заңсыз жұмыс істейтін кондукторлар жағдайын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Министр бұл мәселенің үкімет деңгейінде көтерілгенін атап өтті. 

Айта кетейік, жобаның мақсаты - елеулі жаңалықтарға деген халықтың көзқарасын білу. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети