Қоғамдық кеңестің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшелері елорданың проблемалық нысандары - құрылыс жүргізушілер бірнеше жыл бұрын тапсыруға тиіс салынып бітпеген тұрғын үйлерде болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астананың ресми сайтына сілтеме жасап.

Үлескерлерден қаржы алып, құрылысты тоқтатып қойған бұрынғы бас мердігерлерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Проблемалық үйлердің алдағы тағдыры - сот шешіміне ғана байланысты.
"Біз 2 миллиард теңгеден астам қаржы құйдық, үйдің 1/3 бөлігі ғана салынған. Бас мердігер телефонға жауап бермейді", - дейді үйлердің бірінің үлескері Жанна Уватаева.
436 пәтерден тұратын басқа нысан 2013 жылы пайдалануға тапсырылуы тиіс еді. Құрылысты аяқтау міндеті жүктелген қазіргі тапсырыс беруші оны өз қаржысына салып жатыр, бірақ қаражат жеткіліксіз.
"Бізге ең бастысы - активтерді ашу. Бухгалтерлердің есептеуінше, сол активтер бізге барлық құрылыс жұмыстарын аяқтауға жетеді", - дейді тапсырыс беруші компания директорының орынбасары Қайрат Әділбаев.
Компания өкілі комиссия мүшелерін құрылысты келесі жылы аяқтайтынына сендірді.
"Біз қоғамдық кеңес ретінде ұсыныстар айтамыз. Үлескерлермен кездесіп, барлық мәселелерді талқылаймыз. Үлескерлердің айтқандарын тыңдап, ұсыныстар әзірлей бастаймыз. Ол ұсыныстарды әкімдікке жібереміз. Егер қажет болса, жоғары тұрған органға да шығамыз", - деп атап көрсетті Астана қаласы қоғамдық кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Мұхтар Еркетаев.