27 мамыр 2016 14:54

Көктемнің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Синоптиктер көктемнің соңғы күндері ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 


Синоптиктер көктемнің соңғы күндері ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Оралдан және Батыс Сібірден Қазақстанға атмосфералық фронттар ығысып келеді, соған байланысты найзағайлы жаңбырлар жауып жатыр, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейді. Алдағы демалыс күндері ауа райы өзгермейді деп күтіліп отыр. Республика территориясына жылы әрі дымқыл ауа келеді. Ауа температурасы климат нормасынан 3-5 градусқа жоғары болады. Ал батыста ғана жаңбыр жаумайды және ыстық болады", - деді синоптиктер.

Еске салайық, 26 мамырда Алматыда жаңбыр мен бұршақ жауған еді. Мегаполисте таңғы уақытта күн ашық әрі ыстық болды, бірақ түстен кейін күн бұзылды, найзағай ойнап, жаңбыр сіркіреді. Ал бірнеше минут өткеннен кейін бұршақ жауды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети