29 шілде 2015 17:34

Көктөбеге апаратын аспалы жолдың неліктен ашылмай жатқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Көктөбеге апаратын аспалы жолды пайдалануға беру мерзімі тағы шегертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Республика Сарайының жанындағы төменгі станцияда құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатыр, аумақ қоршалған.


Көктөбеге апаратын аспалы жолды пайдалануға беру мерзімі тағы шегертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Республика Сарайының жанындағы төменгі станцияда құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатыр, аумақ қоршалған.

Көктөбеге дейінгі аспалы жол құрылғыларының барлығы Франциядан әкелінгені белгілі. Бастапқыда аспалы жол 2015 жылдың маусымында пайдалануға беріледі деп хабарланды, алайда кейін оның шілдеде ашылатыны белгілі болды. Қазіргі таңда мерзімнің шегерілуіне топырақтың жұмсақ болуы сеп екені анықталды, оны нығайту үшін бірқатар уақыт кетіп жатыр.

"Құрылыс аяқталып қалды десек те болады. Барлығы жөнделіп бітті. Қазір бөлшектер әкелетін көлікті күтіп отырмыз, аспалы жолды тарту жұмыстары қосымша жүргізіліп жатыр. Негізгі аспалы жолды тартатын арнайы жабдықталған көлікті әлі күтіп отырмыз, соңғы мәліметтер бойынша, көлік Лейпцигте, бірер күнде бізде болады, - деді "Көктөбе" саябағының Бас директоры Нұрлан Қазиев. - Ешқандай төтенше жағдайсыз барлығын қайта тұрғыздық, бірақ топырақты нығайту мәселесі туындады, ол тым жұмсақ екен. Бізге геология институтындағылар оны нығайту керегін айтты. Біз бірінші кезекте қауіпсіздікпен қамтамасыз етуіміз керек. (...) 17 кабина да осында, барлық жұмыс аяқталған соң оларды сынақтан өтіземіз, қыркүйектің басында аспалы жолды ашамыз", - деді ол. Қазиевтің сөзіне қарағанда, жол ақысы бұрынғыдай болады.

© temny/vse.kz

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети