09 сәуір 2020 17:52

Қоқыс пакетінен жасалған костюм туралы видеоның авторы қазақстандықтардан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоқыс пакетінен жасалған костюм киген дәрігерлер туралы видеоның авторы қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қоқыс пакетінен жасалған костюм киген дәрігерлер туралы видеоның авторы қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл атышулы видеоны Тараздың 1970 жылғы тұрғыны Олег Сергеев түсіргені анықталды. Ол видеоүндеуінде жағдайды түсінбегенін айтады. 

"Кеше қоғамдық ұйымның қызметкерлерін видеоға түсірдім. Оларды дәрігерлер деп ойлап қалдым, бірақ олай болмай шықты. Қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Әсіресе, дәрігерлерден. Мұндай ауыр кезеңде жағдайды түсінбегендіктен осылай болып қалды", - дейді тараздық.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп те осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Мен расында да бұл видеоны фейк деп айттым, жауапкершілікті өз мойныма аламын. Осыған ұқсас роликті ресейлік пабликтерден көрген болатынмын. Ресми түрде барлығынан кешірім сұрағым келеді, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", - деді Диас Ахметшәріп.

Еске салайық, мұның алдында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшманов қоқыс пакетін киген дәрігерлердің видеосына қатысты пікір білдірген еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети