1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қоқыс пакетінен жасалған костюм. Видеоның қайда түсірілгені анықталды

Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшманов қоқыс пакетін киген дәрігерлердің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видеоның Жамбыл облысында түсірілгені белгілі болды.

Құлшмановтың айтуынша, видеоға "Амазонка" онкологиялық ауруға шалдыққандарды қолдауға бағытталған үкіметтік емес ұйымның қызметкерлері түсірілген.

"Олардың мемлекеттік медициналық мекемелерге еш қатысы жоқ. Маған осы қордың директоры Анжелика Сарьян хабарласты. Ол видео авторының әрекетіне наразылық білдірді. Мұны жоққа шығаруды сұрады", - дейді ол.

Роликтің 8 сәуірде Таразда түсірілгені анықталды. Қоғамдық ұйымның қызметкерлері сол күні туыстары жоқ науқасқа бара жатқан.

"Көрсетілген мекенжай бойынша барғанда біз өзімізге сақ болу керегін түсіндік. COVID-19 таралуына байланысты бізде де қызмет көрсету бойынша ережелер мен шектеулер бар. Ұйым қызметкерлері маска, бахила, баскиімнен басқа, қолда бар заттармен сақтануды шешті. Біз бір рет пайдаланылатын пакеттер мен скотч қолдандық, бұл заттар жедел бригада келген көлікте болды", - дейді ұйымның директоры.

Олар ролик авторына наразылық білдіретінін айтып өтті.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бұл видеоның Қазақстанда түсірілмегенін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар қымбаттап жатыр