Қолайсыз ауа райы кезінде жоғалған қазақстандық 5 күннен бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қолайсыз ауа райы кезінде жоғалған қазақстандық 5 күннен бері іздестіріліп жатыр Фото: Қарағанды облысы ТДЖ

Қостанай облысында қолайсыз ауа райында мал іздеуге аттанған ауыл тұрғыны жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында қолайсыз ауа райында мал іздеуге аттанған ауыл тұрғыны жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам бесінші күн іздестіріліп жатыр.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД

"Қарабалық ауданы Славянка ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туған ер адам мал іздеп, байланысқа шығуды тоқтатты. Уайымдаған жұмыс беруші полициядан көмек сұрады", - деп хабарлады ТЖД.

5 қарашадан бастап іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Шекара қызметі, еріктілер, сондай-ақ кинологиялық есеп және пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Департамент тұрғындарға күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Валюта бағамы

 522.77  course down  608.62  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети