04 қыркүйек 2020 11:14

Көлгінов қаладағы инженерлік желілерді цифрландыру туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында қаладағы инженерлік желілерді цифрландыру туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында қаладағы инженерлік желілерді цифрландыру туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елорда көшелері мен даңғылдарының астында мыңдаған шақырым инженерлік желілер жатыр. Олар: су, электр, кәріз, байланыс желілері. Қалалықтардың тұрмыс сапасы осы желілердің үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Қазір желілерді цифрландырумен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыстардың өзектілігі сол, қағаз жүзінде инженерлік желілердің орналасқан жері мен жай-күйі туралы мәліметтер әрдайым сәйкес келе бермейді. Осыған байланысты тұрғындар уақытша сусыз, электрсіз отыруға мәжбүр болған кезде апатты жағдайлар болып жатады", - дейді қала әкімі.

"Цифрландыру барлық инженерлік желілерді ашық көруге мүмкіндік береді. Оларға түсетін салмақ пен ахуалы анық көрінеді. Бұл жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты ұлғайтуға, тәуекелдерді азайтуға және жаңа объектілерді инженерлік желілерге қосу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ғимараттарды салу кезінде ұзақ әрі маңызды процестердің бірі – инженерлік желілерге қосу", - дейді әкім.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қаланың 50 пайызы цифрландырылды.

Сонымен қатар, ғимараттарды, жер учаскелерін цифрландырамыз (жер учаскелері мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету онлайн режимінде өтеді), бұл жер учаскелерінің игерілуін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаланың 3D моделін құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта қаланың 50 пайызы цифрландырылды. Геоақпараттық портал жылдам қарқынмен кеңейіп келе жатқан қала үшін маңызды. Әрі құрылыс процестерін болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Аудандарды мектептермен, балабақшалармен, ауруханалармен және басқа да маңызды объектілермен қамтамасыз ету қажеттілігі біркелкі бөлінетін болады.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Цифрландыру-барлық реформалардың негізгі элементі", - деп атап өтті. Цифрландыру процесі бақылауымызда тұр", - деп жазды Көлгінов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети