03 тамыз 2019 15:30

Көлік қызметкерлері кәсіби мерекесінде сенбілік өткізді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жылдағы дәстүрге айналған Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл ерекше аталып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жылдағы дәстүрге айналған Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл ерекше аталып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бас қаламыздың ботаникалық бағында атап өтті. Мерекеге орай Көлік комитеті жастардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жас қызметкерлер арасында жаппай жүгіруден спорттық іс-шара және қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Кәсіби мерекенің салтанатты түрде ашылуы болып, онда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов  мерекеге орай қызметкерлерге құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.  

"Қала тұрғындары жүрген жерінде тазалық сақтап, қаламызды күтіп ұстау үшін тұрғындар да өз үлестерін қосулары тиіс. Біз қала тұрғындарымен бірге  "Мен қалам үшін не жасай аламын?" - атты акциясын ұйымдастырып, Ботаникалық бақтың ішіне тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сондай - ақ, мереке аясында озат қызметкерлерге Көлік саласының дамуына қосқан үлестері үшін "Құрметті автокөлікші" және "Үздік автокөлікші" төсбелгілерін табыс етіп, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттадық" - деді Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети