29 желтоқсан 2014 13:28

Көлікті тіркеу құжатының алғашқы нұсқасы таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлік құралын тіркеу куәлігінің алғашқы нұсқасы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Астанада өткен брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, көлік құралын тіркеу куәлігінің жаңа нұсқасында автокөлік қозғалтқышының нөмірі көрсетілмейді.

"Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, көлік құралын тіркеу куәлігіне көлікті жасап шығарған ел мен алғашқы тіркелген мерзімі жазылады және көлік құралының VIN-коды көрсетіледі", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Ресми деректер бойынша, 2014 жылдың 1 қаңтар күнгі көрсеткіші бойынша Қазақстанда 4 миллион 365 мың 93 көлік тіркеуде болған. Биыл 952 мың көлік құралы тіркелді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети