28 қаңтар 2014 14:38

Көліктерді утилизациялау өндірісшілерге жүктелуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі  Нұрлан Қаппаров. ©pm.kz ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров. ©pm.kz

Көлік утилизациясына отандық өндірісшілер де міндеттелуі мүмкін,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қапаров: "Елімізде тозығы жеткен көліктерді утилизациялайтын кез жетті. Бұған қатысты отандық өндірісшілерге қолдау көрсету қажет" деді. Жалпы, бізде отандық автокөліктерді құрастыратын зауыттар бар. Автокөлік шығаратын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. "Сондықтан көліктерді шыққан жылына қарай іріктеп, утилизациялау бағдарламасын жүзеге асыруға болады" деседі мамандар. Бұл ретте мамандардың айтуынша, утилизациялау ісімен айналысатын кәсіпорындар әрине автокөлік иесінің шығынын өтеп, жаңа көлік сатып алуына жәрдемдесетін жолдарды қарастыруы қажет. Ең бастысы, ешкім зардап шекпейтіндей болғаны жөн. Тіптен сарапшылармыз "ескі көліктерді өткізуге мемлекет өзі мүдделі болса, оның жүзеге асуы да түгелдей мемлекеттің қолында болуы қажет" дейді . Айта кету керек, көршілес Ресей елі көне көліктерді утилизациялауды осыдан бес жыл бұрын қолға ала бастады. Жалпы, ескі көлікті утилизациялау әр елде әрқалай жүргізіледі. Қайсыбір елдерде уақыты келгенде мемлекет көне көлікті өзі алып, арзан жаңа автокөліктермен қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети