07 маусым 2022 07:14

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фотоқақпанға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: pixabay Иллюстрация: pixabay

"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында сирек кездесетін қар барысы фотоқақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында сирек кездесетін қар барысы фотоқақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. "Қызыл кітапқа" енген жануар бұған дейін де фотоқақпанға бірнеше рет түскен болатын", - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Саябақ әкімшілігінің ақпараты бойынша, оның аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлар саны тұрақты.

Қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 басы бар, әлемде жеті мыңнан аспайды. Жыртқыштың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі - фотоқақпан қолдану. Елде 150-ден аса фотоқақпан құрылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети