15 шілде 2020 15:55

Көмек әр науқасқа көрсетілуі керек - елорда әкімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов көмек әр науқасқа көрсетілуі керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов көмек әр науқасқа көрсетілуі керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейтуді, науқастарды емдеу барысында телемедицина құралдарын қолдануды және шұғыл көмек көрсетуді тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды. 

Алтай Көлгінов емханалардың, ауруханалардың бас дәрігерлерімен және Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерімен онлайн жиналыс өткізді. Оның айтуынша, тұрғындардан түскен өтініштердің 60 пайыздан астамы емханаларға. Сондықтан амбулаториялық емдеуді күшейту керек.

"Бастапқы кезеңде қала тұрғындарына барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуі керек. Жұқпалы аурулар ауруханаларының дәрігерлері COVID-19-бен күресу және емдеуде айтарлықтай тәжірибе жинады. Олардың телемедицина арқылы кеңес беруге, емханалардағы медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар", - деді ол.

Сондай-ақ, ол науқастармен кері байланысты нығайту керегін атап өтті. Себебі, карантин кезінде оларды жоспарлы түрді ауруханаға жатқызу уақытша тоқтатылған.

"Егер көмек қажет болса, ауруханаға жатқызу керек. Шұғыл түрде ауруханаға жатқызу мәселесі әрбір дәрігердің бақылауында болуы қажет", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Қала әкімі денсаулық сақтау министрлігімен және "СК-Фармация" компаниясымен ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрмектермен және қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Алтай Көлгінов сапалы сапалы медициналық көмек әр науқасқа жетуі керегін, ауыр науқастар арнайы есепте тұруы қажеттігін, дәрігерлер әр науқастың өмірі үшін соңына дейін күресуі керегін жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети