Коммуналдық қызмет алматылықтарға “штаттан тыс жағдайлар“ болуы мүмкін екенін ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коммуналдық қызмет алматылықтарға “штаттан тыс жағдайлар“ болуы мүмкін екенін ескертті Фото:depositphotos.com

Алматыда 14 және 15 шілдеде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС сілтеме жасап.


Алматыда жылу желілерін сынау жұмыстары қай жерлерде жүргізіледі?

14 шілдеде Алмалы мен Жетісу аудандары аумағында Райымбек даңғылы – Бродский көшесі – Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы шаршысында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі.

Сондай-ақ 15 шілдеде Алатау және Жетісу аудандары аумағында Яблочков – Азовская – Рысқұлов – Серіков – Ратушный – Ангарская көшелері – Үлкен Алматы каналы бойымен – Момышұлы – Аққайнар кенті - Мөңке би - Боралдай аумағында сынақ өтеді.

"Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде, таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады. Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы сынды штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін", - деп нақтылады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Компания тұрғындарды жылу желілерінің зақымдану белгілері анықталған жағдайда өз бетінше әрекет етпеуге, оқиға орнынан дереу кетіп, бұл туралы 109 нөміріне хабарлауға шақырды.

Анықтама. Сондай-ақ 351-27-62 нөміріне, 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі 1011 немесе 1014) арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады.

Сонымен қатар ұйым аталған аумақтарда тұратын тұтынушыларға ыстық су беру толық сақталатынын хабарлады.

Компания гидравликалық сынақ жылу желілері мен жабдықтардың жай-күйін тексеру, құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау, сондай-ақ қаланың жылу шаруашылығын алдағы жылу беру маусымына дайындау үшін жүргізілетінін түсіндіріп, тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.

Тағы оқыңыз: Алматының қай аудандарында жарық өшіріледі: мекенжайлар тізімі

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +34
Ақтау +34
Ақтөбе +28
Атырау +30
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +40
Қызылорда +31
П
Павлодар +24
Петропавл +29
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +26
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер