29 шілде 2022 13:01

Коммуналдық қызмет қостанайлықтарға тамақты кезекпен пісіріп, жарықты үнемдеуге кеңес берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда коммуналдық қызмет азаматтарға ерекше кеңестер берді. Жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше ауданды қоспағанда, облыста екі апта бойы газ болмайды. Осыған байланысты электр желісіне жүктеме артады, сондықтан тұрғындардан электр энергиясын үнемдеу сұралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда коммуналдық қызмет азаматтарға ерекше кеңестер берді. Жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше ауданды қоспағанда, облыста екі апта бойы газ болмайды. Осыған байланысты электр желісіне жүктеме артады, сондықтан тұрғындардан электр энергиясын үнемдеу сұралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарықты босқа жақпау туралы кеңес берілген хабарландыруларды пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері (ПИТК) және меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрағалары іліп қойған. "Рудный-Қарталы" газ құбырын жөндеуге байланысты облыста екі апта бойы көгілдір отын және ыстық су болмайды. Осыған байланысты желідегі жүктеме артады, ал ол шыдамауы мүмкін.

"Таңертең тамақ әзірлеуге мүмкіндігі барлар (зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер) күндіз тамақ пісіріп алыңыздар, кешке жұмыстан келгендер тамақ дайындайды. Мүмкіндігінше, жартылай фабрикаттарды қолданыңыз. Теледидар сәл демалсын. Ұмытылған кітаптарды оқыңыз, кешке саябақтарға серуенге шығыңыз немесе жай ғана аулаға шығып, көршілеріңізбен әңгімелесіңіз. Бұл қарапайым ережелер сізді үлкен қиындықтардан сақтайды! Болашақта өмірімізді қиындатпау үшін бұл шектеулерге шыдауымыз керек", - деп "Орталық" ПИТК тұрғындарға үндеу жасаған.

Әсіресе, МИБ жүйесіне ауысқандарға қиын көрінеді. Үй ішіндегі электр желілерінің тозығы жеткен, жөндеуге миллиондаған қаржы қажет.

"Бәрі жарамсыз күйде. Кейбіреулерінде қолыңдай қалың өрмекші торлары ілініп тұр. Сымдар жиіркенішті, алюминий үзілген, күйе береді. Газ жоқ кезде олар кернеу береді, адамдардың техникасы жанып қана қоймайды, егер өрт шықса, қысқа тұйықталу болса, міне, сонда сұмдық болады", - деді "Гагарин 14" МИБ басқарма төрағасы Наталья Медведева.

Қазір "ЭПК-forfаit" ЖШС жүктеменің артуына байланысты қосымша қуат беретін жабдықты қайта қарау шараларын жүргізеді. Трансформаторлық қосалқы станциялардағы жүктемені бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апаттық өшіру салдары жойылып, табиғи газ өшірілген аумақтардағы нысандарды электрмен жабдықтаудың схемаларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети