31 наурыз 2015 11:57

Коммуналдық қызметтер Алматыдан 1100 КамАЗ қар шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Yar.big-cars.ru ©Yar.big-cars.ru

Алматы қаласында 29-21 наурыз аралығында коммуналдық қызметтер 10840 шаршы метр қарды шығарды, бұл 1100 КамАЗ қарға таяу. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері хабарлады. Осыған дейін қарға ұласқан жаңбырдың 29 наурызда күннің екінші жартысында басталғаны хабарланды.

Соңғы екі күнде Алматыда жауған қардың қалыңдығы 35 сантиметр болды, ал таулы аудандарда 50 сантиметрге жетті. Қар түскен кезеңде қалалық коммуналдық қызметтер 5 мың құм-хлорид қоспасын және 36 тонна тұзды пайдаланды. Алматыдағы қарды тазалауға мың жұмысшы мен 500 дана техника жұмылдырылды. Сағат 11.30 жағдайында қарды полигондарға тасу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының болжамы бойынша, алдағы күндерде тағы қар жауады.   

Қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің мәліметінше, соңғы тәулікте қалада 10 жол-көлік оқиғасы болған. Онда 7 адам зардап шекті. Полицияның мәліметі бойынша, жол апаттарының көбі жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары. Осыған дейін Алматыда наурыздың соңында жауған қардың биіктігі қыстағыдан асып түскендігі хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети