Конституциялық сот букмекерлерге қатысты маңызды шешім шығарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Конституциялық сот букмекерлік кеңседе ұтысты төлемеген кезде сот қорғауына құқықты шектеу туралы норманы тексеру туралы қазақстандықтың өтінішін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Конституциялық сот букмекерлік кеңседе ұтысты төлемеген кезде сот қорғауына құқықты шектеу туралы норманы тексеру туралы қазақстандықтың өтінішін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтың пікірінше, лицензиясы бар ойын бизнесі субъектісі ұйымдастырған ойындарда ұтыс сомаларын өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша оның сот арқылы қорғалу құқығын шектеу Конституцияға қайшы келеді.

2023 жылғы желтоқсанда өтініш беруші ұтыс сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Кодекстің 914-бабына сілтеме жасай отырып, бірінші сатыдағы сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, ал апелляциялық саты шешімді өзгеріссіз қалдырған.

"Конституциялық Сот лицензиясы бар ойын бизнесі субъектісімен дауларда сот арқылы қорғалуын алып тастау Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына қайшы келетінін және лицензиясы бар субъектінің шарттық міндеттемелерді орындамауына түрткі болатынын атап өтті. Сонымен қатар, Конституциялық Сот АК-нің 914-бабының кейбір ережелері қолданыстағы редакциясында жеткілікті түрде анық тұжырымдалмаған, оларды біркелкі түсінуді және қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді деп атап өтті.

Тексеру нәтижесінде, Конституциялық Сот АК-нің 914-бабын ", ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде," деген сөздер бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды және Үкіметке белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасын қабылданған нормативтік қаулыға сәйкес келтіру мәселесін қарауды ұсынды", - делінген Конституциялық Соттың қорытынды шешімінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer