07 ақпан 2019 10:55

Көпбалалы аналар Алматы билігіне үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© skyview.kz © skyview.kz

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов көпбалалы аналармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми өкілі Тимур Базарбаевқа сілтеме жасап.


Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов көпбалалы аналармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми өкілі Тимур Базарбаевқа сілтеме жасап.

Кездесуде әйелдердің айтқан ұсыныстарының тізімі жасалды. Кейінірек ол тізім жоғары инстанцияларға жолданады.

"6 ақпанда қала басшылығы көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу әкімдіктің ғимаратында өтті, бірнеше сағатқа созылды. Әкімнің орынбасары Ерлан Әукенов келген әр әйелді тыңдады. Әр жағдайды жеке-жеке қарастырамыз. Сондай-ақ, жиналған үндеудің негізінде жүйелі шешімдер қабылдау үшін министрлік өкілдеріне ұсыныстар әзірленеді", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. 

Еске  салайық, кеше астаналық көпбалалы аналар да билікке үндеу жасаған болатын. Олар жедел түрде пәтер беруді талап етіп жатыр. Әкімдік өкілдеріне жасаған үндеуінде өмір сүру жағдайларының төмен екенін айтып, өздерінің ұсыныстарын жазған еді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері өз кезегінде көпбалалы аналардың өтініші қараусыз қалмайтынын айтқан болатын. "Әлеуметтік көмек берудің қазіргі жүйесін барлығыңыз білесіздер. Ендігі мәселе осы жүйені жетілдіру. Сондықтан біз бүшін біздің аналар айтқан ұсыныстарды қарастырамыз. Әрбір ұсыныс қаралып, таяуда барлығы реттеледі", -  деген еді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети