16 қыркүйек 2020 18:15

Көпбалалы отбасы қашықтан оқу үшін берілген ноутбукті сатпақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Көпбалалы отбасы балалардың қашықтан оқуы үшін берілген ноутбукті сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көпбалалы отбасы балалардың қашықтан оқуы үшін берілген ноутбукті сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Baigenews.kz порталында жарияланды. БАҚ мәліметінше, тегін хабарландырулар сайтында жаңа ноутбук сатылатыны туралы жазбалар пайда болған. Желі қолданушылары фотосуреттерден қашықтықтан оқу құрылғысын көрген, оны "Салиқалы ұрпақ" қоры мұқтаж отбасыларға тегін таратқан болатын.

Сатушылар қордың жапсырмасы бар фотосуретті ашық жариялағаны хабарланды. Бірнеше минуттан кейін хабарландыру өшірілген, бірақ ол мұрағатта сақталып қалған.

Фотосуретте қордың жапсырмасы анық көрсетілген, оның көмегімен демеуші берген қорапты дәл анықтауға болады.

Tengrinews.kz редакциясы техника демеушісі - "Салиқалы Ұрпақ" қорынан пікір сұрады. Ұйым өкілдері ноутбукті сатылымға шығарған отбасымен кездескенін айтты. Көпбалалы отбасы қиын жағдайда өмір сүретіні және ноутбуктен түскен ақшаны тамаққа жұмсамақ болғаны анықталған.

"Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры мұқтаж жандарға көмектесуге әрқашан дайын. Биылғы оқу жылында біз аз қамтылған отбасылардың балалары бағдарламадан тыс қалмасын және онлайн режимінде қиындықсыз оқисын деген үмітпен біз Алматы қаласы мен Алматы облысында 1000 ноутбук сыйға тарттық.

Кейін олардың біреуі сатылымға қойылғанын білгенде қатты қынжылдық. Жағдайды білгенде, біз отбасыға тамақ керек екенін түсіндік, сондықтан біз бірден көмектестік. Өздеріңіз білетіндей, "Салиқалы Ұрпақ" қоры ай сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін береді. Біз бұл отбасын тізімге қосуды жоспарлап отырмыз. Ата-аналар мен балалар не ішіп-жеймін деп алаңдамай, білім алғанын қалаймыз. Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі", - деді қордың директоры Қасым Қасабеков.

Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі мұқтаж отбасылардағы оқушыларға 400 мың компьютерді уақытша берген болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети