Қор маусым соңына дейін жетеді - Денсаумин дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қор маусым соңына дейін жетеді - Денсаумин дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы Фото:elements.envato.com

Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек жеткізу келісімшартын біржақты тәртіппен бұзады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс отырысында депутат Зарина Қамасова өмірі мен денсаулығы дәрі-дәрмек қабылдаумен байланысты қазақстандықтарды қазіргі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Украинадан дәрі-дәрмек жеткізудегі үзіліс алаңдатып отырғанын айтты.

"Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде қиындықтарға тап болды. Ол елден 25-тен астам дәрі-дәрмек сатып алынады. Тағы бір проблема - бұл біздің өндірістің бірқатар компоненттер мен логистикаға импортқа тәуелділігі. Ауруханалар дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы заттарды шекті бағамен сатып алатындықтан, бүгінде оларда шприцтер, катетерлер немесе басқа да қажетті заттар тапшылығы болуы мүмкін. Осындай қарқынмен 90-жылдардағыдай дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қымбат бағаға сатып аламыз. Бірақ Үкімет ұзақ мерзімді қор барын айтты. Егер бірқатар аймақтарда "СК-Фармация" қоймалары болмаса, бұл қалай болады? Айтыңызшы, сіздер науқастарды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді қалай жоспарлап отырсыздар"- деп сұрады депутат Денсаулық сақтау министріне.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният дәрі-дәрмек тапшылығы болмайтынын, өйткені дәрі-дәрмектің 94 пайызы бұрын сатып алынғанын айтты.

"Бүгінгі таңда дәрілік препараттардың жалпы көлемінің 50 пайызы "СК-Фармация" қоймаларына жеткізілді. Науқастарды маусым айының соңына дейін емдеуге жететін дәрі-дәрмек бар. Украинаға келетін болсақ, жалпы көлемнің 1,6 пайызы - дәрі-дәрмектердің 25 атауы Украинадан жеткізілді. Жыл басында Украинадан келген жеткізушілер бізге осы көлемнің 40-тан 70 пайызына дейін әкелді. Қазір зауыттар жабық болғандықтан біржақты тәртіпте келісімшарттарды бұзамыз. Қалған көлемдерге 1 шілдеге дейін конкурстар өткіземіз", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +41
Астана +28
Ақтау +25
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +40
Т
Талдықорған +36
Тараз +38
Түркістан +25
О
Орал +32
Ө
Өскемен +41
Ш
Шымкент +37

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер