11 ақпан 2020 11:46

Қордай ауданында неліктен техногенді сипаттағы ТЖ жарияланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының Масанчи ауылындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін техногенді сипаттағы ТЖ жарияланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз көрдіңіздер, онда көптеген үй өртенді, өрт шықты, барлығын қалпына келтіру үшін техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды", - деді Сапарбаев үкімет отырысының кулуарында. 

"Біз барлық үйді, сауда орталықтарын қалпына келтіру керек, жолдарды, көшелерді тазартып басқа да жұмыстар істелінуі керек. Мұнда әлеуметтік сипат жоқ, тек қаза тапқандардың отбасына және асыраушысынан айырылған отбасыларға заң бойынша әлеуметтік көмек көрсетілді", - деді ол. 

Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті масштабта техногенді сипаттағы төтенше жағдай 2020 жылы 8 ақпанда 21:00-де жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети