Қорғаныс министрлігі Арыс пен Тараз маңындағы жарылыстан кейінгі оқ-дәрілер қайда жеткізілетінін айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласына жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласына жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Толық бағдарлама қабылданды, соған сәйкес құрылыс жүріп жатыр. Бұл мәселемен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айналысады. Менің ойымша, жұмыс кешенді түрде жүргізіледі. Үкімет тарапынан комиссия жұмыс істейді, оны вице-премьер басқарады. Жаңа қоймалар салынып, оларға оқ-дәрілер жеткізіледі", - деді Тұяқов мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Журналистер министр орынбасарынан Тараз маңындағы әскери бөлім оқ-дәрілері, оның ішінде Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстардан кейінгі оқ-дәрілер қайда жеткізілуі мүмкін екенін сұрады.

"Оған арнайы дайындалған орындар бар. Қазір сізге толық жауап бермеймін. (...) Әртүрлі қоймаларға жеткізіледі. Мысалы, Аягөз немесе басқа. Бірнеше қойма бар. Нақты қанша, қайда екеніне жауап бермеймін", - деді Тұяқов.

Еске салайық, 2019 жылы маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болған еді. 

Ал биыл 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалғанын айтып, Тараз тұрғындарын сабырға шақырды. Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer