15 ақпан 2017 18:04

Қорғаныс министрлігі тасжолға қонған тікұшаққа қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

ҚР Ми-8МТ ВВС ВС тікұшағы оқу-жаттығу аясында тасжолға қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігіндегілер Ақтөбе облысындағы тасжолда "жоғалып кеткен" тікұшақтың видеосына қатысты түсінік берді.

Видеодағы кадрлардан тасжолға қонған тікұшақтан ер адамның жүгіріп шыққанын көруге болады. Содан ол жолды жауып қалған көлік жүргізушісіне барады. Ал видеоның авторлары жолдағы кептелісе наразылық танытып жатады.

Қорғаныс министрлігіндегілер әскерлік авиацияның жазғы құрамының жоспарлы түрде дайындық жүргізгенін айтты. "Ми-8МТ ВВС ВС тікұшағы әскери оқу тапсырмасын орындап жатты. Экипаж жол бойына оқу-жаттығу аясында қонды. Жақын маңдағы елді мекендердің қай жақта екенін анықтап, тасжолға қонып, тапсырманы аяқтады. Қазіргі уақытта тікұшақ аэродромда", - деді ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети