09 сәуір 2014 21:39

Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Мұхтаров. ©Mod.gov.kz Талғат Мұхтаров. ©Mod.gov.kz

Талғат Мұхтаров ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Талғат Мұхтаров ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми сайтта.

Генерал-майор Талғат Мұхтаров бұған дейін министрліктің Кадрлар департаментінің бастығы қызметін атқарды. 

Айта кетейік, Мұхтаровқа дейін бұл қызметті Бағдат Майкеев атқарған болатын. "Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Әбдіқадырұлы Майкеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген ҚР Президентінің өкімінде.

Ақпан айында Бағдат Майкеев қамауға алынған еді. Ол ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, жуырда Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы болып, бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті қазіргі Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков атқарды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети