"Қорқамыз ба?". Назарбаев министрлер мен әкімдерге шүйлікті

21 Тамыз, 13:02
0
"Қорқамыз ба?". Назарбаев министрлер мен әкімдерге шүйлікті -

Nur Otan лидері Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктер партиямен байланысын ашық көрсетуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы ол партияның саяси кеңесінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік органдардың кейбір басшылары, министрлер, әкімдер өзін партияның адамы секілді ұстамайды. Өзіме өзім бастықпын дейді. Nur Otan-ның барлық мүшесі партиямен қарым-қатынас жасап, бүгін Мәжілісте төсбелгі тағып отыруы керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Бірінші Президент Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі тәжірибені зерделегенін атап өтті.

"Малайзияда министрлер, премьер-министрлер төсбелгімен жүреді, орынбасарларында да, қалғандарында да бар. Көшеде адамдар мемлекеттік қызметші екенін көрсетеді. Ал бізде ше? Партияда екенімізден қорқамыз ба? Онда шығыңыздар, біз басқасын таңдаймыз", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Шараға тұңғыш президент - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары мен саяси бюро мүшелері қатысып жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай