26 қараша 2019 | 15:13

"Корочкамен" қорқытқан ер адам 2010 жылы өзін Президенттің немересі ретінде таныстырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жемқорлыққа қарсы қызметтің "корочкасымен" видеоға түсіп қалған ер адам 2011 жылы сотты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жемқорлыққа қарсы қызметтің "корочкасымен" видеоға түсіп қалған ер адам 2011 жылы сотты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері оның 2010 жылы өзін ІІМ қызметкері ретінде таныстырғаны үшін сотты болғанын айтады.

Осылайша, ведомстводағылардың айтуынша, ол 2011 жылы 9 жылға сотталған және оның мүлкі тәркіленген. Соттың мәліметінше, Жамбыл облысының 26 жастағы тумасы Дильшод Абдуллаев өзін ІІМ қызметкері және Қазақстан Президентінің немересі Руслан Тимурұлы Кулибаев деп таныстырған. Осылайша, алаяқ 2009-2010 жылдары елорда, Алматы, Қарағанды және Павлодар тұрғындарын алдап, олардың мүлкін тартып алып отырған. Шығынның жалпы сомасы - шамамен 15 миллион теңге.

Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оның сол кезде Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ұсталғанын айтады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам аулада полицейдің формасын жүрген.

"Корочкамен" қорқытқан алаяқ біреудің көлігін мініп кеткен - полиция

Еске салайық, мұның алдында Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірген еді. Ведомство мәліметінше, бұл оқиға 21 қарашада Павлодарда болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети