26 қараша 2019 13:26

"Корочкамен" қорқытқан алаяқ біреудің көлігін мініп кеткен - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған куәлік көрсеткен алаяқтың ісі бойынша мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Жалған куәлік көрсеткен алаяқтың ісі бойынша мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның басында 1984 жылғы ер адам алаяқтық жолмен біреудің Toyota Camry автокөлігін мініп кеткен. Тергеу барысында қаскөйдің сол көлікпен Павлодарға кетіп қалып, жол-көлік оқиғасына ұшырағаны белгілі болды. 

Күдіктіні Павлодарға жіберілген жедел-тергеу тобыс ұстаған. Ер адам Алматыға тергеу үшін жеткізілді. Қазіргі уақытта ол Алматы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Наурызбай аудандық полиция басқармасы 1984 жылғы азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі ("Алаяқтық, қылмыстық топ жасаса, асар ірі көлемде") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - деді ПД өкілдері. 

Еске салайық, жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді

Мессенджерлерде ер адамның жол апатын жасаған соң өзін Жемқорлыққа қарсы қызметте істейтінін дәлелдейтін куәлікті көрсетіп жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Ал видео авторы ер адамның Toyota Camry көлігін мас күйде жүргізген болуы мүмкін екенін айтады.

"Бұл оқиғаның 21 қарашада Павлодарда болғаны анықталды. Полицейлер ер адамды ұстады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша ("Бұзақылық") айыпты деп танылып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ұсталған. Көлігін тексеру барысында куәлігі табылмады. Ол куәлікті өртеп жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта ол Алматы қалалық уақытша изоляторына қамалды", - деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.

Сондай-ақ, агенттіктегілер ер адамның осыған дейін де өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырғанын айтты. 2011 жылы ол өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырып, кейін сотталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети