29 шілде 2020 09:34

Коронавирус жұқтырған 113 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

COVID-19 жұқтырған 113 медициналық қызметкерге 2 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


COVID-19 жұқтырған 113 медициналық қызметкерге 2 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Төлемақы алуға құқығы бар медицина қызметкерлерін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларындағы арнайы комиссиялар ауру жұқтыруын тексеру нәтижелері бойынша анықтайды. Барлық өтінімдерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жинақтайды.

ДСМ-нен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемге барлығы 123 өтінім келіп түсті. Өңірлер бойынша ең көп өтінімдер Алматы қаласынан (46), Алматы (38) және Солтүстік Қазақстан облыстарынан (10) келіп түсті.

Қалған 10 өтінім бойынша деректерді ДСМ қосымша тексеріп жатыр. Нақтыланған мәліметтерді ұсынғаннан кейін бұл медицина қызметкерлеріне дереу төлем тағайындалады.

Еске салайық, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі "Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына биылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

- коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне - 2 миллион теңге;

- COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына - 10 миллион теңге көлемінде төленеді.

Еңбек министрлігі, коронавирус инфекциясынан, вирустық пневмониядан медицина қызметкерінің қайтыс болу жағдайлары бойынша МӘСҚ-қа өтінімдер түспегенін атап өтті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети