21 қазан 2020 17:21

Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне енді өтемақы берілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу тоқтатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу тоқтатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша 20 қазанда Үкімет жанындағы ВАК кезекті отырысы өтті, онда медицина қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемдерді аяқтау туралы шешім қабылданды. Осылайша 20 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге жаңа өтінімдер қабылдау тоқтатылды", - деді Шоранов.

Ол коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері енді біржолғы төлем ала алмайтынын айтты.

"Қалған 5 пайыз немесе 421 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер қазір өңірлік комиссиялар деңгейінде рәсімдеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізіледі. Оларға төлемдер апта соңына дейін 23 қазанға дейін беріледі", - деді бірінші вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети