27 сәуір 2021 08:54

Коронавирус пен пневмониядан тағы 36 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Казанғапов Фото: Тұрар Казанғапов

Қазақстанда 25 сәуірде бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды, тағы 179 науқастың жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.


Қазақстанда 25 сәуірде бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды, тағы 179 науқастың жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

Қайтыс болғандар ішінде 29 науқастың коронавирус жұқтырғаны расталған, тағы жетеуі коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған. Бірақ ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

2021 жылғы 25 сәуірдегі мәлімет бойынша 12 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 55 адам жазылып шыққан.

27 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 260 адам коронавирус инфекциясынан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 785 науқас стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 756 адамның жағдайы ауыр;
• 179 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда кейінгі тәулікте 2 284 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети