21 шілде 2020 17:14

Коронавирусты қайтадан жұқтыру мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният коронавирусты қайтадан жұқтыру мүмкіндігі қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният коронавирусты қайтадан жұқтыру мүмкіндігі қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Қазақстанда коронавирусты қайтадан жұқтырғандар тіркелген жоқ. Науқастар ауырып, ауыр кезеңнен өткен кездер болды. Қайтадан тапсырған сараптамалары теріс болып, біраз уақыттан кейін оң нәтиже шыққан. 

Мұндай жағдайда біздің мамандар бұл ПТР-тест әсер ететін вирустың қалдығы болуы мүмкін екенін айтады. Клиникалық көрінісі жоқ болып, тест оң нәтиже көрсетеді, сондықтан ол вирусты қайтадан жұқтыру деген сөз емес", - деп түсіндірді вице-министр ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, коронавирусты жұқтырған адамның иммунитетіне қатысты нақты жауап жоқ. 

"Оны дүние жүзінің ғалымдары зерттеп жатыр, нақты жауап жоқ. Уақытша не 6 аптаға дейін иммунитет қалыптасады деген мәлімет бар. Нақты жауап жоқ, ол аурудың қалай өтетініне байланысты. Әзірге иммунитет бойынша ғалымдарда жауап жоқ", - дейді Ажар Гиният.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети