Қос азаматтығы бар шенеунікке қатысты іс: сот шешімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қос азаматтығы бар шенеунікке қатысты іс: сот шешімі шықты

Сот Шымкент қалалық спорт басқармасының қос азаматтығы бар басшысының ісі бойынша шешімін жариялады. Шенеунік Шымкент полиция департаментіне арыз жағанымен, сот оны қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеунік Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұраған болатын. 

"Сот Олег Владимирович Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматтығын алғанын және төлқұжаты барын анықтады, мұны №1 көшірме растайды. Бұл деректі Шымкент бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хаты мен РФ ІІМ жауабы растады.

Почивалов және оның өкілі сотқа теріс дәлел келтірмеді. Осылайша, полиция департаментінің іс-әрекетінде заңсыздық анықтаған жоқ", - деді судья Нұрғали Исмаилов.

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік қос азаматтығы бар деп айыпталған болатын. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети