Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: otyrar.kz Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар болып шықты. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар болып шықты. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент полиция өкілдерінің мәліметінше, спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстаннан басқа екінші азаматтық алуға тыйым салатын заңды бұзған.

Сол үшін шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтығы барын анықтады.

Азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент қаласы ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің басшысы Гүлжан Нысанбаева.

Еске салайық, шенеуніктің қос азаматтығы туралы ақпарат бірнеше ай бұрын Желіде пайда болған. Онда Почиваловтың Қазақстан және Ресей азаматы екені айтылған.

Алайда Шымкент әкімдігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан Республикасының азаматы екенін хабарлаймыз", - деген болатын спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Жалилова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.69  course up  612.05  course up  6.75  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer