Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі/Т.Таныбаев

Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып, "Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету" тақырыбын талқылады. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.


Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып, "Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету" тақырыбын талқылады. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.

Әлем спикерлерінің басын қосқан жаһандық саммитте Мәжіліс төрағасы сөз сөйледі. Палата спикері қазір біз халықаралық құқықтың беделі әлсіреп, қақтығыстар шиеленіскен, экономикалық дағдарыстар белең алған күрделі де тұрақсыз әлемде өмір сүріп жатқанымызды алға тартты.

Е.Қошанов мұндай алмағайып кезеңде парламенттік дипломатияның рөлі арта түсетінін атап өтті. Парламентаралық диалог мемлекеттер арасындағы құрмет пен сенімді, ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық құқықтың мүлтіксіз қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан бүгінгі "Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті қамтамасыз ету және әділдікке кепілдік беру" тақырыбы бүкіл әлем парламентарийлеріне жолдаған үндеу екенін айтты.

"Қазақстан әрдайым Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды, ашық әрі сындарлы диалогты, жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуін қолдайды. Бұл - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәйекті іске асырып келе жатқан еліміздің сыртқы саясатының іргелі қағидаттары. Біздің мемлекетіміз белсенді түрде бейбітшіл саясат ұстанып келеді. Астана мен Алматы бірнеше рет келіссөздер алаңына айналғаны өздеріңізге мәлім. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиялары құрамында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып отыр", - деді Мәжіліс спикері.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бүгінде Орталық Азия өңірдегі үйлесімді және көпвекторлы дипломатияның үлгісін көрсетуде. Аймақтағы елдердің арасында шекара мәселесі толық реттеліп, гидроэнергетика, көлік, логистика салаларында ортақ ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр. Сол жұмыстың бәріне Қазақстан Парламенті тікелей атсалысуда.

Мәжіліс төрағасы бүгінгі пікірталастың негізгі түйіні әділет ұғымы екеніне ерекше мән беріп, қазіргі уақытта бүкіл әлемде әділдікке деген сұраныс жоғары екенін атап өтті.

"Осы сұранысқа жауап ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құруды өз мандатының басты мақсаты ретінде белгіледі. Бұл мақсатты іске асыру үшін елімізде ауқымды саяси реформалар қолға алынды. Таяуда референдум арқылы жаңа Конституция қабылдануы - мемлекеттік институттарға, Президент реформалары бағдарына деген сенімнің дәлелі. Ата Заңның бүкіл мәтінінде адам мүддесі бірінші орынға қойылды. "Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" деген қағидат Конституция деңгейінде айқындалды. "Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет" арасындағы теңгерім бекітілді. Осы реформалар аясында біз қос палаталы Парламенттен бір палаталы жүйеге көшеміз", - деді Е.Қошанов.

Жиын қорытындысы бойынша Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған әлемнің түкпір-түкпірінен келген Парламент спикерлерімен кездесіп, Ассамблея жұмысына белсене атсалысқаны үшін баршаға зор алғысын білдірді.

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Н. Куртулмушпен кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылап, екі ел басшыларының уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыда жүзеге асыратынын айтты.

Қырғыз әріптесімен кездесуде Марлен Маматалиевті Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, Қазақстан көрші елмен парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға үлкен мән беретініне тоқталды.

Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық Жиналысының төрағасы Чан Тхань Манмен кездесуде Қазақстан бұл мемлекетпен ықпалдастықты барлық салада күшейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі/Т.Таныбаев

Мәжіліс спикері форум алаңдарында Армения, Әзербайжан, Бахрейн, Бірікке Араб Әмірліктері, Грузия, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан парламенттері төрағаларымен парламентаралық диалогты тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.2   555.05   6.18 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер