Қошанов: Қазақстан-Ресей көшбасшылары Жеңістің тарихи маңызын атап өтуде

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Ресей Федерациясының Елшілігі ұйымдастырған қабылдауға қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Ресей Федерациясының Елшілігі ұйымдастырған қабылдауға қатысты.

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкиннің атынан ұйымдастырылған қабылдау қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

“Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Жеңістің 80 жылдығының біздің елдеріміз үшін тарихи маңызын бірнеше мәрте атап өткенболатын. Бұл – бәріміз үшін қастерлі, тарихының тамыры тереңде жатқан айтулы күн. Себебі осынау сұрапыл жылдары әкелеріміз бен аталарымыз ортақ мақсат – Ұлы Жеңіс үшін батылдық пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті. Соғыстың салқын лебі шынымен әр қазақстандық шаңыраққа әсер етті. Сондықтан жеңімпаздардың – соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің осындай ержүрек буыны жөніндегі естелік Қазақстандағы әр үйде бүгінге дейін сезіледі”, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері қазақстандықтардың нацизмді жеңудегі елеулі үлесін еске салды. Сол уақытта елімізде тұратын әрбір төртінші тұрғын майданға аттанды. Оның 500-і Кеңес Одағының Батыры атанса, жүзден астамы – Даңқ орденінің толық иегері болды. Олардың төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған.

“Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында: “Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр” деп ерекше атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтау қажеттілігін үнемі атап көрсетіп келеді”, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар Мәжіліс спикері Қазақстан депутаттары осы аталғандарды басшылыққа алып, берік достық пен ынтымақтастық орнату үшін парламенттік дипломатияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып отырғанын ерекше атап өтті.

Ерлан Қошанов Қазақстан Президентінің бастамасымен даңқты ерліктері үшін “Айбын” орденінің үш дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдері берілгенін айтты. Ал 604-ші әуе базасы Қазақстанның әуе қорғаныс күштері екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Сергей Луганскийдің есімімен атала бастады.

Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж. Жұмабеков

Іс-шараға дипломатиялық корпус, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен Қарулы Күштерінің өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer