Қошанов: Көшбасшыларымыздың берік достығы түркі елдерін жұмылдыра түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Астанада Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен "ТURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі" тақырыбына арналған Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХIV жалпы отырысы өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен "ТURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі" тақырыбына арналған Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХIV жалпы отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Парламент төрағалары қатысты.

Алдымен тараптар Ассамблея Кеңесінің отырысында бас қосып, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрайымы Сагиба Гафарова ТүркПа-ға Әзербайжанның төрағалық еткен кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылады. Сонан соң Әзербайжан тарапы төрағалық тізгінді Қазақстанға тапсырды.

Одан әрі талқылау ТүркПА-ның жалпы отырысында жалғасты. Жиынды ашқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов түркі мемлекеттерін бүгінде терең тарихи тамыры ғана емес, сонымен қатар мемлекет басшылары арасындағы берік достық, ортақ мүдделер мен мығым мәдени байланыс біріктіріп отырғанын атап өтті.

"Қазір түркі жұртының көші ілгері. Өзара татулық пен түсіністіктің арқасында елдеріміз өркендеп келеді. Бұл – ең әуелі біздің мемлекеттеріміздің басшылары жүргізіп отырған байыпты саясаттың нәтижесі. Президенттеріміз түркі интеграциясы бағытында орасан жұмыс атқарып жатыр. Әлемдегі геосаяси ахуал мың құбылып тұрғанына қарамастан, түркі елдері өсу мен өрлеудің құбыласынан, дамудың даңғыл жолынан жаңылған жоқ", – деді Палата спикері.

Ерлан Қошанов түркі парламенттерінің мақсат-міндеттері ауқымды екенін айтты.

"Біздің парламенттеріміз де елдеріміздің ынтымағын тереңдетуге күш салып отыр. Аманат арқалаған депутат ретінде халықтарымыздың ниеті мен арман-мұратын жақсы білеміз. Әрине, ең әуелгі мақсатымыз – көшбасшыларымызға тірек бола отырып, тағдыршешті шешімдерді заңнамалық тұрғыда қолдау. Дегенмен Парламент заң қабылдайтын институт қана емес. Ол – ұлттарымызды ұйыстыратын, елдерімізді жақындастыратын, заңнамаларымызды үндестіретін алтын көпір. Біздің басты әрі тарихи миссиямыз осы деп ойлаймын", – деді Палата спикері.

Ассамблеяда Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар, Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер, Экономикалық ынтымақтастық туралы және Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиялардың есебі мен ұсынымдары қабылданды.

Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев

Бұдан бөлек "ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде тұруға рұқсат беруді жеңілдету туралы", "Мұғалімнің мәртебесі туралы", "Экономикалық қызметтегі таза энергия туралы", "Халыққа экологиялық білім беру және ағарту туралы" модельдік заң жобаларын қабылдады.

Жалпы отырыста ТүркПа-ның келесі XV басқосуын Қырғыз Республикасында өткізу туралы шешім шығарылып, Астана декларациясы қабылданды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer