Қостанай облысында екі ауданның әкімдері 21 және 23 миллион теңге тұратын көліктерге тапсырыс берген

17 Ақпан 2017, 17:52
2
Қостанай облысында екі ауданның әкімдері 21 және 23 миллион теңге тұратын көліктерге тапсырыс берген - © Suvcar.ru
© Suvcar.ru

Қостанайда Сарыкөл және Денисов аудандарының әкімдері үшін бағасы 21 және 23 миллион теңге, яғни қоса есептегенде 44 миллион теңгенің көліктерін сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу порталына тапсырыс берілген. Қос шенеуніктің люкс санатындағы темір тұлпарларды алуды жоспарлап отырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Осыған байланысты Денисов аудандық әкімдігінің өкілдері түсінік берген. 

"Бұл көлікке тапсырыс беруіміздің өзіндік себептері бар. Облыс орталығынан шалғай орналасқан аудан болғандықтан, әкімге жүктелген жауапкершілік жеңіл емес. Оның үстіне біздің ауданымызға қарасты ауылдардың кейбірі 90 шақырым қашықтықта жатыр. Ал аудан бойынша жолдардың сапасы сын көтермейді. Әкім жергілікті халықтың жағдайын үнемі назарда ұстау үшін 23 миллион теңге тұратын жоғары санаттағы жол талғамайтын көлікке тапсырыс бергеніміз рас", - дейді Денисов ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Әлия Исмағамбетова.

"Біздің ауданның жалпы аумағы 6 мың шаршы шақырымды құрайды. Аудандағы жолдың нашарлығынан қысты қойып, жазда әкімнің өзі баратын ауылдарына жете алмай жатады. Сондықтан, құны 21 миллион теңге тұратын көлікке тапсырыс бердік", - дейді Сарыкөл ауданы әкімі аппарат басшысының міндетін атқарып жүрген Ораз Өтетілеуов.

Сондай-ақ, Денисов ауданы әкімінің мініп жүрген қызметтік KIA Mohav көлігінің жөндеуде тұрғанына 4 айдан асқаны белгілі болды. Бір қызығы жаңа көлікке кепілдік бар болса да, қажетті қосалқы бөлшектер әлі табылмапты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай