06 желтоқсан 2020 12:02

Қостанай облысындағы ауылда 30 жылдан бері ауызсу тапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 24.kz Фото: 24.kz

Қостанай облысындағы Троебрат ауылының тұрғындары 30 жылдан бері ауызсу тапшылығын тартып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.


Қостанай облысындағы Троебрат ауылының тұрғындары 30 жылдан бері ауызсу тапшылығын тартып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Осы себепті Ресеймен шекаралас жатқан елді мекеннің қазіргі жағдайы мүшкіл. Жұрт үдере көшіп жатыр. Ауызсуға жарымай отырған ауылға инвесторларда келгісі жоқ. Ал аудандық әкімдіктегілер алдағы жылы жағдай түзеледі дейді. Александр Мезенцев "Урал" мотоциклін су тасуға ыңғайлап алған. Қазір Троебрат ауылында мұндай көлік түрі сұранысқа ие.

"Орталықтағы жалғыз құбырдан арба, шанамен тасып, үлгере алмайсың.  Ұдайы трактор жалдап, ақша төлеуге жұрттың қалтасы көтере бермейді. Сондықтан әркім өзіше қарекет жасайды. Ал зейнеткер Сарыалтын Тұяқоваға үшінші қабатқа шелекпен көтерілу аса қиын. Сондықтан шағын ыдыспен әкелген суын там-тұмдап жұмсауға мәжбүр.  Сарыалтын Тұяқова, Троебрат ауылының тұрғыны: – Жолдасым жуырда екі ай болды белінен шойырылып жүр. Суды бөтелкемен өзім тасимын. Тұрғындар кетіп қалды. Ауылдың қандай-қандай азаматтары еді. Осы судың кесірі", – дейді ол.

Телеарна тілшісінің айтуынша, Троебратный ауылына ауызсу теміржолмен жеткізіледі. Айына Ақмола облысынан 50 текше метрлік 15 бөшке су әкелінеді екен. Оның өзі жетпей жатады дейді жергілікті тұрғындар. Тасымал судың тұтынушыға жетуі де бірнеше кезеңнен тұрады. Цистернадан мұнараға құйылады, одан ауыл ортасындағы су тарату пунктіне тасылады. Ал ол жерде жалғыз шүмектен ағатын тіршілік нәрі таңертең екі сағат, кешке екі сағат уақытымен ғана беріледі. Кейде оның өзі таусылып қалады.

"Үш-төрт күндеп су болмай қалады. Әсіресе жаз уақытында. Біз бақша екпейміз. Алайда тұрғындардың бақшалары, малдары бар. Қыс уақыттарында қазір арықтардың бәрі қатып жатыр. Кезінде 10 мыңға жуық тұрғыны болған ауылда бүгінде халық саны екі мыңға жетер-жетпес", - деді Троебрат ауылының тұрғыны Сарыалтын Тұяқова.

Ауыл әкімі Сәбит Құрманбаев кәсіппен айналысқысы келетіндерді сол су мәселесі тежеп тұрғанын айтты.

"Мал ұстай алмайсың. Бірдеңе істей алмасаң,сондай қиындықтармен айналысқан соң, жұрттардың біразы көшіп жатыр. Троебрат тұрғындарының қуанышына қарай бұл мәселе жақында оң шешімін тауыпты. Аудандық әкімдіктегілер келер жылы ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылады деп сендірді", - деді ауыл әкімі.

"Бүгінде сараптама  қорытындысы алынды, жоба қолымызда. 48 шақырым құбыр үш елді мекен арқылы өтіп, 3 мыңнан астам адамды  орталықтандырылған су жүйесімен қамтиды. Жобаны 9 айдың ішінде 2021 жылы аяқтаймыз деп отырмыз", - деді Ұзынкөл аудандық Сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Владимир Шерстюков.

Телеарна ресми мәліметке сүйеніп, облыс бойынша биыл 15 елді мекенге су құбыры тартылғанын хабарлады. Алайда өңірдегі ауылдардың жартысынан астамы әлі күнге өркениеттің игілігіне қол жеткізе алмай отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети