10 қыркүйек 2022 | 14:34

Қостанай облысындағы өрт толықтай сөндірілді

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы 10 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті толықтай сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2022 жылғы 10 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті толықтай сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 7 қыркүйекте сағат 15:00-де  ауыздықталған болатын.

"2 қыркүйекте сағат 15: 10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген болатын. Өрт аумағы - 43 мың гектар. Екі елді мекендегі 91 тұрғын үй жанып кетті. Эвакуацияланғандар үйлеріне оралып, қалғандары туыстарында қалды. Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

12 адам өрт кезінде жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттар, күйіктер алып, уланған. Зардап шеккен 3 адам Әулиекөл аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.

Жедел штаб жұмысы басталғаннан бері ТЖМ жедел желісіне 38 қоңырау келіп түсті. 87 азаматқа консультациялық-психологиялық көмек көрсетілді, 45 баламен топтық психологиялық жұмыс жүргізілді.

Тікұшақтар әуеден 327 рет су шашты. Өртті сөндіруге 1 785 адам және 207 бірлік техникадан құрылған күштер және құралдар жұмылдырылды. Оқиға орнында Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармасы 73 адам және 21 бірлік техникадан құрылған күштері мен құралдары қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети