01 желтоқсан 2022 14:10

Қостанай облысының әкімі тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құмар Ырғыбайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Құмар Ақсақалов 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 жылдары - Қостанай облысы Урицкий ауданы "Крыловский" кеңшарының бас инженері болды. 1989-1991 жылдары - Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы болған. 1991-1992 жылдары - Қостанай облысы Урицкий ауданы "Маяк" кеңшарының бас инженері болып қызмет еткен. 1992-1993 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы "Новоселовка" мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры. 1993-1996 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы "Қостанай" ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары болды. 1996-1998 жылдары - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының "Север" ұжымшарының төрағасы, "Север" ААҚ президенті қызметін атқарды. 1998-2002 жылдары - Қостанай облысы Меңдіқара аудан әкімі. 2002-2004 жылдары - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2010-2014 жылдары - "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2014-2015 жылдары - "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Экономика ғылымының кандидаты, "Құрмет" орденімен (2011), "Ерен еңбегі үшін" (2005) медалімен, 2 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети