Қостанай облысының тұрғыны төрт жерде жарылғыш зат "қойылды" деп хабарлаған

20 Желтоқсан 2016, 20:31
0
Қостанай облысының тұрғыны төрт жерде жарылғыш зат "қойылды" деп хабарлаған -

Қостанай облысының 28 жастағы тұрғыны төрт жерде жарылғыш зат "қойылды" деп хабарлаған. Бұл туралы "Наша газета" порталы хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, 19 желтоқсанда белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып, Қостанай және Ақмола облыстарында жарылғыш заттар "қойылғанын" хабарлаған.

Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоңырау бойынша Қарасу ауданының Октябрь ауылының мектебі, Қостанай вокзалының ғимараты және Құсмырын ауылындағы теміржол бекеті қоршауға алынған. Сонымен қатар жарылғыш заттарды Ақмола облысының Есіл ауданында іздеген. Осы айтылған жерлердің барлығында іздеу шаралары қорытындысы бойынша ештеңе табылмаған.  

Ұялы телефон арқылы қоңырау соққан адамды тез тапқан. Ол Қарасу ауданының Октябрь ауылының 28 жастағы тұрғыны екені анықталған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Полициядағылар осындай жағдайлардың көп жағдайда демалыс күндері болатынын айтады. Сонымен қатар, олар мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу мен қатар мемлекетке келтірілген шығынды өтеу үшін айыппұл салынатынын ескертеді. Шамамен ғимаратта жарылғыш зат "қойылды" деген уақытта тексеру шараларына арнайы қызметтегілер 300 000 теңгеден жоғары қаражат жұмсайды екен. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай