10 наурыз 2019 11:21

Қостанайда 4 миллиард теңгеге жаңа футбол алаңы салынды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Alau.kz © Фото: Alau.kz

Қостанайда әлемдік деңгейдегі жабық футбол алаңы салынды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Қостанайда әлемдік деңгейдегі жабық футбол алаңы салынды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, спорттық нысана UEFA стандарттарына сай салынған. Алаң бір жылдың ішінде салынып, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының арқасында іске асқан. Жобаға төрт миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Алаңда соңғы үлгідегі жасанды төсеніш төселіп, шатырдың манежы  қос қабатты үрлемелі бөліктен құралған. Ол күннен қуат алып, одан кейін оны жылу және жарық ретінде өндіреді.

Осындай жабық алаңның ашылуын жергілікті спорт сүйер қауым күткен. Осыған дейін матчтар мен жаттығулар ауа райының суықтығына қарамастан өткізілген.  Жаңа ашылған алаңда ең бірінші болып қостанайлық "Тобыл" павлодарлық "Ертіс" футбол клубтары кездесіп, нәтижесінде "Тобыл" 3:0 есебімен жеңген. 

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Футбол академиясының балалары қыстың суығында далада орналасқан алаңда жаттығу жасаған. Суық кезде далада ауа температураы -20-25 градусқа дейін төмендейтін. Мына алаң салынғаннан кейін бұл қиындықтар артта қалды. Енді біздің балалар жыл бойы жылы жерде жаттыға алады", - деді Қостанай облысының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Бегалин.

      

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети